Жоғарғы сотта Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды. Ол 2017 жылғы 22 ақпанда 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Аталған іс 30 маусымда кассациялық тәртіппен қылмыстық істер жөніндегі алқада қаралған.
«Жоғарғы соттың кассациялық сатысы Ә.Аманбаевқа қатысты сот үкімі кінәсіздік презумпциясына қайшы шығарылған. Оған қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды, қылмыстық қауымдастыққа қатысты, жалған кәсіпкерлікке басшылық жасады, аса ірі көлемде пара алды, заңсыз жолмен табылған ақшаны заңдастырды деген айыптар басқа сотталугының айтқандарына ғана негізделген. Ол мәліметтер басқа қандай да бір құжаттармен, айғақ заттармен, жедел іздестіру іс-шараларының немесе жасырын тергеу амалдарының нәтижелерімен расталмады», — делінген Жоғарғы сот таратқан хабарламада .
Осыған байланысты Жоғарғы сот алқасы Аманбаевқа қатысты үкімнің осы айыптарға қатысты бөлігінің күшін жойып, іс қылмыс құрамы жоқтығына байланысты тоқтатылды.
«Жоғарғы соттың осы шешімі өкілі істі кассациялық қарауға қатысқан республика Бас прокуратурасының ұстанымымен келісіледі. Жоғарғы сот алқасы Аманбаевқа қатысты үкімнің лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану эпизодына байланысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлігі 3-тармағының қолданылып, 5 жыо 6 ай бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалуын дұрыс деп таниды. Бұл баптың санкциясы 6 айдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді» делінген хабарламада.