«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ӨНЕР КЕРУЕНІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛЕДІ

2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ауқымды республикалық жобасы жүзеге асырылады. Аталған жоба аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының мақтанышы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаровтың жетекшілігіндегі Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтарына арнайы «Симфониялық музыка кеші» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мәдениет пен өнерді тек ірі мегаполистерде ғана емес, алыс аймақтар мен ауылдық жерлерде дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты. «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасының негізгі мақсаты — халықтың мәдени іс-шараларға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және ұлттық пен әлемдік музыкалық мұраны дәріптеу.
Биылғы гастрольдік сапардың символдық мәні бар: жобаның басталуы 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұс-тұс келіп отыр.
Концерттік бағдарлама келесі елді мекендерде өтеді:
• 21 мамыр, сағат 16:00 — Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Ұлытау аудандық мәдениет үйі;
• 22 мамыр, сағат 18:00 — Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы;
• 23 мамыр, сағат 15:00 — Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кенті, Мәдени-сауықтыру орталығы.
Көрермендер назарына әлемдік және отандық классикалық музыканың үздік үлгілері ұсынылады. Жоғары кәсіби шеберлігімен танылған Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр өзінің ерекше орындау мәнерімен Ұлытау өңірінің тұрғындарына ұмытылмас рухани кеш пен жарқын әсер сыйламақ.
Жобаның үйлестірушісі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы.
Қосымша ақпарат және БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметі. Веб-сайт: jambyl-philharmonic.kz Instagram: @qazaq.philharmonic

Анықтама: Т. Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі — еліміздің музыкалық өнерінің іргелі ұжымдарының бірі. Оркестр репертуарында әлемдік классикалық туындылармен қатар, отандық композиторлардың симфониялық шығармалары кеңінен орын алған. Сондай-ақ, ұжым халықаралық және республикалық маңызы бар мәдени іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады.

11:54
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020