​Жаңа бағандар орнатылды

2020 - 2021  жылдарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына қаламызды жарықтандыру жұмыстары да кіреді. Соған сай, қала көшелері мен үй ауларына тірек бағаналары мен шамдар орнату үшін 14 жоба іске асырылмақ. Бүгінде оның жетеуі аяқталса, қалған жартысы тамыз айының соңына дейін толық орындалады деп жоспарлануда.

Атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныспақ мақсатта Жезқазған қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің маманы Әмір Әлмағанбетпен бірге 2-ықшам ауданға барып қайттық. Аталған ауданды жарықтандыру үшін бюджеттен 24 млн теңге қаржы бөлінген. Жоспарға сай бұл сомаға 75 баған мен 78 диодты жарықшам орнатылады.

– Жарықтандыру жұмыстары қала көркіне көрік қосып, жаңа кейіпке енгізері сөзсіз. 2020 - 2021  жылдарға «Жұмыспен қамту арналған жол картасы » бағдарламасы аясында Теректі стансасы, Пристанционный, Кеңгір елдімекендеріне және «Ғарышкерлер» бульварының «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы ғимараты тұсына, «Байқоңыр» қонақүйі ауласына, Есенберлин мен Тимирязев көшелері қиылысындағы айналма жолға жаңа шамдар қойылды. Алдағы уақытта 1, 2 және 4, 5, 6-ықшам аудандарға, Жезқазған – Қарағанды бағытындағы автокөлік жолы мен Балқаш көшесіне апарар № 3 жол айналмасына және Алашахан даңғылындағы жарықшамдар жаңартылатын болады, – деген Әмір Әлмағанбет барлық жұмыстар жоспарға сай орындалып жатқанын жеткізді.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

15:47
497

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020