Ұлытау облысындағы апатты үйлерді сүру басталды

Жезқазған қаласында реновация бағдарламасын іске асыру шеңберінде Абай көшесі №53, 55, 57, 59 мекенжайларында орналасқан апатты тұрғын үйлерді сүру жұмыстары қарқын алды.
Жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, бірінші кезеңде Абай көшесіндегі №57 тұрғын үй сүрілуде. Келесі кезеңде қажетті дайындық және ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін №59 тұрғын үйді бұзу жоспарлануда.
Демонтаж барысында шығарылған құрылыс қалдықтары мен қоқыстар арнайы техника арқылы қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалданып, белгіленген талаптарға сәйкес орналастырылуда.
Аталған жоба қаланың тұрғын үй қорын жаңғыртуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және заманауи тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, бұл төрт тұрғын үйдің орнына екі блоктан тұратын жаңа көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

17:58
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020