Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды

Жезқазғанда оқушыларға Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды
Жазғы демалыс кезеңінде Ұлытау облысы Полиция департаменті мен Жезқазған қаласы Полиция басқармасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары №21 және №8 мектептердің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне танымдық экскурсия өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және полиция қызметінің жұмысымен таныстыру болды.
Экскурсия барысында оқушыларға Ұлытау облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметі таныстырылып, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, балаларға қала аумағында орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысы көрсетіліп, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарды жедел ашудағы маңызы түсіндірілді. Оқушылар полиция қызметкерлерінің заманауи технологияларды қолдану арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысымен танысты.
Кездесу барысында жасөспірімдермен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және интернет қауіпсіздігі тақырыптарында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Экскурсия тәрбиеленушілердің қызығушылығын оятып, құқық қорғау органдарының қызметіне деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

12:16
12

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020