Қоғамдағы өзара қолдау мен жауапкершілік

Еліміздің заңнамасымен белгіленген ережелерді барлық азаматтар
орындауға міндетті. Мемлекеттегі тұрақтылық пен тәртіпті тек осылай ғана сақтауға болады. Заң бұзғаны үшін адамдар жауапкершілікке, соның ішінде материалдық жауапкершілікке тартылады. 2026 жылдың 4 айының
қорытындысы бойынша Ұлытау облысында 23 мыңнан астам құқық
бұзушылық тіркелді.
Облыс бойынша 23 571 құқық бұзушыға жалпы сомасы 855 млн 841 мың 947
теңге айыппұл түрінде жаза қолданылды. Әкімшілік айыппұлдарды 270 млн 183 мың
664 теңге төленген – деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша
департаменті. Бұл ретте айыппұлдың басым бөлігі – 217 млн 240 мың 894 теңге – 7
жұмыс күні өткенге дейін қысқартылған іс жүргізу бойынша 50% жеңілдікпен
өндірілді.
Істердің негізгі бөлігін полиция органдары қарады және бұл жалпы айыппұл
сомасының 25,7%-ын құрады. Негізінен, бұл бейнебақылау камераларына тіркелген
құқық бұзушылықтар.
Құқық бұзушылық туралы сенімді ақпарат алу және айыппұлды кейіннен
төлеу мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті тәулік бойы жұмыс істейтін http://qamqor.gov.kz
интернет-ресурсын әзірледі.
Айыппұлды банктер және онлайн-банкинг ресурстары арқылы төлеуге
болады. «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасын үйлестірудің арқасында
айыппұлдарды екінші деңгейлі банктердің кассалық терминалдары мен
қосымшалары арқылы өтеуге болады. Айыппұлды екінші деңгейлі банктерде
онлайн-режимде төлеген кезде төлем «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі»
ақпараттық жүйесімен интеграцияланған деректер базасына автоматты түрде
түседі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020
жылғы 17 қазандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Әкімшілік құқық
бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
оны толық автоматтандыруға және порталдың «жеке кабинеті» арқылы ұсынуға
байланысты РММ-нен шығарылды.
Бұл процесті автоматтандыру азаматтарға «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы мен қызмет берушінің кеңсесіне бармай-ақ, қызмет
алушының ЖСН-і бойынша онлайн режимде әкімшілік анықтама алуға мүмкіндік
берді. Сондай-ақ «Үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисі» және eGov mobile
арқылы басқа тұлғаға қатысты әкімшілік анықтама алу мүмкіндігі іске асырылды.
Сонымен қатар, аталған ақпаратты Комитеттің http://qamqor.gov.kz
сайтындағы «Өз айыппұлдарың туралы біл» айдарында ЖСН мен жеке куәлік
нөмірін көрсету арқылы еркін қол жетімді түрде алуға болады.
ҚР БП Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Ұлытау

облысы бойынша департаменті

17:02
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020