Жезқазған станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі 2026 жылғы 11–16 шілде аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның басты мақсаты – теміржол және әуе көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері:
▪️ теміржол вокзалдары мен әуежайларда қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды;
▪️ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тексереді;
▪️ мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты асыру және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алады;
▪️ жүргізушілер мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Құрметті азаматтар!
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.
Қауіпсіз жол – қауіпсіз қоғамның кепілі!