Жезқазған қаласында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «Samadi A Group» ЖШС сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін жететін заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысын жүргізуде.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 10 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Заманауи қойма көкөніс өнімдерін ұзақ мерзім бойы сапасын сақтай отырып сақтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өнімнің сақталу мерзімін ұзартып, шығын көлемін азайтуға ықпал етеді.
Жобаның басты мақсаты – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, тұрғындарды күзгі-қысқы және көктемгі кезеңдерде сапалы көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету.