Облыс әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Ұлытау ауданына барды

Өңір басшысы алдымен Күмісбұлақ аумағында жүзеге асырылатын абаттандыру жобасының жоспарымен танысты. Жобаны іске асыру жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталады деп жоспарланып отыр.
Одан кейін облыс әкімі емханасы бар аурухана құрылысының барысын көріп, нысанды биыл пайдалануға беруді және құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ аудан орталығында салынып жатқан балалар мен жасөспірімдерге арналған бассейннің құрылысын аралаған өңір басшысы нысанды жыл соңына дейін аяқтап, қауіпсіздік талаптарын қазірден бастап жан-жақты пысықтауды міндеттеді.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Рәміздер алаңы мен Сапар орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Тасбұлақ басында ауданның ақсақалдарымен кездесіп, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі, алдағы даму бағыттары мен өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

22:56
22

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020