2022 жылы «Қазақстан темір жолы» құрылысы аяқталмаған 30 нысанды Жезқазған қаласының коммуналдық меншігіне берген болатын. Аталған нысандарға техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру басталды.
«Қазақмыс» корпорациясы мен қала әкімдігі арасында жасалған меморандум аясында Бас жобалау институты аталған үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау бойынша жобаны әзірлеуге келісім берді. Жобаны әзірлеу үшін егжей-тегжейлі аспаптық зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар жүргізілуде.
Техникалық байқау қорытындысы алынғаннан кейін жоба әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары жалғастырылады. Нәтижесінде тұрғын үйлердің құрылысын толық аяқтау жоспарланып отыр.