2026 жылғы 17 шілдеде Жезқазған қаласында Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам саудасы – ауыр қылмыс» кең ауқымды ақпараттық науқаны аясында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Ұлытау облысы Полиция департаментінің, білім басқармасының, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, қоғамдық даму басқармасының, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында адам саудасының алдын алу, зардап шеккендердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ ақпараттық науқан аясындағы іс-шараларды іске асыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар айқындалды.