​ЖЕЗҚАЗҒАНДА ПРАВОСЛАВТЫҚ ҚОРЫМ АУМАҒЫН ҚОРШАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жезқазған қаласында православтық қорым аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Қазіргі уақытта қорымның айналасына қоршау орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұған дейін қорым аумағына қараусыз жүрген малдардың кіріп кету жағдайлары тіркелген болатын. Осыған байланысты аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорымды күтіп-ұстау сапасын арттыру және оның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қоршау орнату қолға алынды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ қорымның аумағын сақтау мен абаттандыруға бағытталған.

Барлық жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

13:06
17

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020