2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға.
Құрылтай сайлауы азаматтардың өз пікірін білдіріп, елдің болашақ даму бағытын айқындауға қатысуына мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың дауысы маңызды және қоғамның ортақ мүддесін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Құрылтай – ел бірлігін нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған маңызды институт. Сондықтан сайлауға қатысу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігінің көрінісі.
23 тамызда сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!
Бірлік пен жауапкершілік – жарқын болашақтың кепілі!