Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасының жағалау аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Абаттандыру жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында басталып, жоспарға сәйкес қыркүйек айында аяқталады.
Жоба аясында жалпы 10 гектар аумақ абаттандырылып, оның ішінде 10 000 шаршы метр аумаққа көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар тұрғындардың жайлы демалысына арналған заманауи шағын сәулет нысандары (МАФ), серуендеу аймақтары, демалыс орындары, жарықтандыру және өзге де инфрақұрылым элементтері орнатылады.
Аталған жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Жағалау аумағы заманауи талаптарға сай безендіріліп, отбасылық демалысқа, серуендеуге және бос уақытты тиімді өткізуге арналған жаңа орынға айналады.
Айта кетейік, жобаны қаржыландыру «Қазақмыс» компаниясының акционерлері тарапынан жүзеге асырылуда.