СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПЕН ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда заң үстемдігін нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Осы мақсатта жаңа Конституция мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді насихаттау бағытында оқыту және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілуде.
Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілермен, білім саласының өкілдерімен, кәсіпкерлермен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау кеңінен түсіндірілуде.
Бұдан бөлек, Департаментпен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіндегі жүйелі проблемалар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Алдағы уақытта да Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, қоғамда адалдық, заңдылық және парасаттылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы