Білім беру ұйымдары, қоғамдық кеңістіктер, тұрғын үй алаптары, инженерлік инфрақұрылым, теміржол вокзалы және ЖЭО-дағы бу-газ қондырғысының құрылысы қаралды.
Биыл қалада 13 көшеге асфальт төселуде.
Облыс құрылғаннан бері 85 шақырым жылу және 197 шақырым су құбыры желілері жаңғыртылған.
4 мектеп пен 2 колледжде күрделі жөндеу жүргізілуде. Нысандарды пайдалануға беру 20 тамызға жоспарланған.
№13 мектептегі жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталмау қаупі анықталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Құрылыс пен жаңғырту жұмыстарының сапасы мен мерзімін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.