Нашақорлық – адам денсаулығына, өміріне және қоғамның қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қатаң жауапкершілік көзделген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымына қатысты жауапкершілікті көздейді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізуге байланысты заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу және өндіру үшін жауапкершілікті көздейді.
Есірткіге әуестік – денсаулыққа ғана емес, адамның болашағына да қауіп.
Жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және заң талаптарын сақтауға шақырамыз!
НАШАҚОРЛЫҚҚА – ЖОҚ!
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА – ИӘ!
#НашақорлыққаЖолЖоқ #СалауаттыӨмірСалты #ДеніСауҰрпақ #ЖастарБолашағы #ЗаңЖәнеТәртіп