Жаз мезгілінде табиғат аясындағы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау аса маңызды. Бір сөндірілмеген от, темекі тұқылы немесе қарапайым немқұрайлылық үлкен өртке себеп болуы мүмкін.
ЗАҢ ТАЛАБЫ — МІНДЕТ
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 63-бабына сәйкес, орман қорын өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен реттеледі.
Сондай-ақ заңнамаға сәйкес, басқарылатын өртеуді қоспағанда, шөптесін өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады. Өрт қаупі жоғары кезеңде жергілікті атқарушы органдар орманға баруға және көлікпен кіруге шектеу енгізе алады. (Адилет)
Рұқсат етілмеген жерде от жақпаңыз.
Темекі тұқылын сөндірмей тастамаңыз.
Құрғақ шөпті өртемеңіз.
Табиғатты оттан қорғаңыз.
Бір сәттік немқұрайлылық табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Өрттің алдын алу — оны сөндіруден әлдеқайда маңызды!
Табиғатты қорғау — тек міндет емес, әр азаматтың жауапкершілігі.
#ЗаңМенТәртіп #ӨртҚауіпсіздігі #ТабиғаттыҚорғайық #ТазаҚазақстан #Қауіпсіздік #ӨрткеЖолЖоқ