​ ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

1 тамыздан бастап Қазақстанда абаттандыру ережелері күшейтілді. Енді жеке үйлер мен коммерциялық нысандардың иелері өз аумағымен қатар, үйінен 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына да жауапты.

Бұл — қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды уақытылы тазалауды, аумақты таза әрі ұқыпты ұстауды білдіреді.

 Абаттандыру талаптарын бұзған жағдайда айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейеді.

Тазалық — тек коммуналдық қызметтің емес, әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

 Таза қала — өзімізден басталады!

Қоқысты белгіленбеген жерге тастамайық, ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарайық.

#ТазаҚазақстан #ЗаңЖәнеТәртіп #Абаттандыру #Тазалық #ҚоғамдықЖауапкершілік #ҚалаДауысым

16:06
14

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020