​Жезқазған қаласында теміржол вокзалы жаңғыртылуда

Жезқазған қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жалпы ауданы 2 539,3 шаршы метр болатын вокзал ғимараты толық реконструкциядан өтуде.

Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, мердігер ұйым – «BCN Group» ЖШС.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті тәулігіне 933 жолаушыға дейін артады. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар вокзал маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер аймақтарын ретке келтіру, аумақты көгалдандыру және сыртқы инфрақұрылымды жаңарту көзделген.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жобаны 2026 жылғы қараша айында аяқтау жоспарланған.

17:41
18

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020