ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…

Бүгін Жезқазған қаласында Абай күніне арналған «ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты музыкалық-әдеби іс-шара өтті.

 Іс-шара «Абай үні» атты театрландырылған поэтикалық композициямен бастау алды.

Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Бұл – қазақтың ұлы ақынына деген құрмет пен тағзымның, оның мол рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Шара барысында Абайдың шығармашылығы кеңінен дәріптеліп, ақынның өлеңдері мен әндері орындалды.

Кештің ерекше бөлімі – «Ашық микрофон» айдарында қатысушылар Абайдың жүректеріне жақын шығармаларын мәнерлеп оқып, ұлы ақынның мұрасы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Абай күні құтты болсын жерлестер!

19:26
14

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020