Ғарышкерлер бағының абаттандырылу деңгейін арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылы бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда:
2 субұрқақты ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
100 дана жаңа қоқыс жәшігі сатып алынып, оларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар саябақтың санитарлық жағдайын жақсартуға, абаттандырылуын арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Алдағы уақытта Ғарышкерлер бағында атқарылып жатқан басқа да жұмыстар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз.
Қаламыздың көркеюі – ортақ мақсатымыз