Қоқысты кез келген жерге тастау — жай ғана мәдениетсіздік емес, белгіленген талаптарды бұзу.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының 175-тармағына сәйкес, жасыл екпелерге, су айдындарына, жолдың жүріс бөлігіне және тротуарларға қоқыс тастауға жол берілмейді.
Қоқысты арнайы жәшікке тастау — әрқайсымыз жасай алатын қарапайым әрекет. Ал тазалықты сақтау — баршаға ортақ жауапкершілік.
Таза көше — таза қала.
Тазалық — талап қана емес, ортақ мәдениет.
Қоқысты жерге тастама.
Таза Қазақстанды өзіңнен баста!
#ТазаҚазақстан #Тазалық #ЗаңМенТәртіп #ТазаҚала