Бұл — әр азаматтың өз пікірін білдіріп, ел дамуына деген көзқарасын көрсетуге берілген мүмкіндік. Сондықтан сайлауға қатысу — азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.
Өз таңдауымызға бейжай қарамай, дауыс беруге белсенді қатысайық! Әрбір дауыс — ел болашағына деген үлес. Қоғамның дамуы мен өзгерісі әрқайсымыздың белсенділігімізден басталады.
Сайлау күні баршаңызды өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, Құрылтай сайлауына қатысуға шақырамыз!
Ел болашағы — бәрімізге ортақ. Өз таңдауымызды жасап, ел үшін бірге қадам жасайық!
#Құрылтай #Сайлау #ЕлБолашағы #АзаматтықБелсенділік #Қазақстан