23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтеді
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұл сайлау елдегі жаңа Конституция аясында өтетін маңызды қоғамдық-саяси науқан болмақ. Конституциялық өзгерістерге сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
2019 жылдан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, саяси институттарды жетілдіруге және елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға бағытталған ауқымды реформаларды іске асырып келеді.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін басталған саяси жаңғыру мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға, жаңа саяси институттарды қалыптастыруға және қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге жаңа серпін берді.
Сарапшылардың пікірінше, 23 тамыздағы Құрылтай сайлауы елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Бұл науқан азаматтардың елдің болашағына қатысты өз ұстанымын білді.