Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек сейсенбі күні Жезқазғанға жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімінің сапары барысында Жезқазған өңірінің медициналық мекемелері ауыр науқастарды емдеуге арналған қосымша жабдықтармен жарақтандырылтыны, қазірдің өзінде өкпені жасанды желдеткіш 14 аппарат сатып алынғаны, тағы 13-і жеткізілетіні жақында жеткізілетіні белгілі болды. Бұл қажетті жабдықтарды сатып алуға «Қазақмыс» корпорациясы көмектесті. Бұл туралы Жезқазғанда медицина қызметкерлерімен өткен кеңес үстінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Қазақмыс» тағы 150 оттегі концентратын, 70 пульсоксиметрлерді және 2 рентген аппарат сатып алады. Жабдықтар Жезқазған және Сәтбаев ауруханаларына таратылады.
Кеңесте облыс басшысы жергілікті ауруханаларды дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді және Қарағандыдан қосымша дәрігерлер бригадасына жіберу міндетін қойды. Сондай-ақ олар келген кезде тұру үшін барлық жағдай жасауды тапсырды.
— Мен бүгін мұнда эпиджағдаймен жіті танысу үшін келдім. Кейбір проблемалар барын білемін. Олардың бірі – медицина кадрларының тапшылығы. Мәселе менің жеке бақылауымда. Дәрігерлер іздейміз. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне халықтан шағымдар да бар. Жалпы облыс бойынша жеткізу басталды. Менің міндетім – ірі партияларды қамтамасыз ету, ал одан әрі әкімдер дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу үшін қажет болған жағдайда тасымалдаумен айналысуы тиіс, — деді Жеңіс Қасымбек.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгиннің баяндамасына сай, Жезқазған қаласына ыстық басатын және вирусқа қарсы препараттардың бірінші партиясы жеткізілді. Бірақ халық оларды тез сатып алып жатыр. Бейсенбі және сенбі күндері дәрі-дәрмектердің қосымша партиясы күтілуде.
Сонымен қатар, Юрий Залыгин Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының бес дәріханасында дәрі-дәрмек бағасының артуы және дәрі-дәрмектерді рецептісіз сату фактілері анықталғанын хабарлады. Бұл фактілер бойынша әкімшілік заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ ЭТД-мен бірлесіп дәрі-дәрмектермен алыпсатарлық фактілерді анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Жиын соңында облыс әкімі медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жанқиярлық еңбегі үшін Сәтбаев қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина «Құрмет» орденімен, Жезқазған қаласының «Медициналық орталығы» ЖШС директоры Владимир Моторыкин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жалпы Қарағанды облысы бойынша барлығы 15 дәрігер мемлекеттік марапат алған болатын.
Бүгінгі күні Жезқазған аймағында барлығы 440 орындық төрт жұқпалы аурулар стационары жұмыс істейді. Ондағы жүктелім шамамен 62 пайызды құрайды. 350 төсектік бір пульмопровизорлық госпиталь жұмыс істейді, оның 57 пайызына науқастар орналастырылған, сондай-ақ 90 орынға арналған екі карантиндік госпиталь жұмыс істейді. Сонымен бірге, мұнда 15 реанимациялық төсек бар.
Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жеңіс Қасымбек Жезқазған аймағы бойынша жұмыс сапары кезінде нысанды аралап қайтты. Стационардың ашылуы осы жылдың күзіне жоспарланған.