​ЖЕЗҚАЗҒАНДА 1 000 ОРЫНДЫҚ BINOM МЕКТЕБІ САЛЫНАДЫ

  Ұлытау облысында жаңа білім беру нысандарын салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Есет Байкеннің, тамыз педагогикалық конференциясында айтқан мәліметінше, биыл Жезқазған қаласының Батыс ауданында 1 000 орындық BINOM мектебінің құрылысы басталады. Сонымен қатар Жезқазған, Сәтбаев, Жаңаарқа және Түгіскенде жаңа мектептер, ұлдар мен қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейлері салынып, өңірде Назарбаев Зияткерлік мектебін ашу жоспарланған. Кеңгір ауылы мен Сәтбаев қаласында жаңа балабақшалар бой көтермек. Ал жаңа оқу жылында Қаражал қаласы мен Манадыр станциясындағы жаңа мектептер пайдалануға беріледі.

—
17:03
60

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020