​ ЗАҢ ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ!

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының және қауіпсіздіктің негізі. Заңды сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес, әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Заңға құрмет – өз құқығыңды білуден ғана емес, өз міндетіңді адал орындаудан басталады.

Қоғамдағы тәртіп, өзара сыйластық, жауапкершілік және заң талаптарын сақтау – әр азаматтың күнделікті өміріндегі қарапайым әрекеттерден қалыптасады.

 Заңды сақтау – міндет.

Құқықты құрметтеу – мәдениет.

Тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік.

Әрқайсымыз заңға құрметпен қарап, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосайық!

ЗАҢ ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ!

ТӘРТІП – ӘРЕКЕТТЕН БАСТАЛАДЫ!

#ЗаңӘрАдамнанБасталады #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықтықМәдениет #ЗаңдыСақтайық #Тәртіп #Қазақстан

19:02
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020