​ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конститу-

циялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабына, 

113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес:

1. Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылды:

– Кеңгір селосы сайлау округі – Кеңгір селосының шекарасында.

2. 2026 жылғы 4 қазанына Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкіміне сайлау тағайындалды.

3. 2026 жылғы 4 қазанына тағайындалған Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімінің сайлауын 

дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді:

– әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 27 тамызынан басталып, 2026 жылғы 8 қыркүйек 

сағат 18:00-де аяқталады;

– әкім болуға кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 13 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталады.

– үгіт 2026 жылдың 13 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 

2026 жылдың 3 қазанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ 

АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

12:09
18

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020