Жаңа оқу жылының басталуымен Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Жол қауіпсіздігі
Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету 1-сыныптан бастап қолға алынған. Оқу жылы бойы өтетін «Қауіпсіздік сабақтарында» оқушыларға жол қозғалысы ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, жолдан қауіпсіз өту тәртібі, бағдаршам белгілері және көшеде өзін-өзі ұстау мәдениеті түсіндіріледі.
Сонымен қатар полиция инспекторларының қатысуымен «Қауіпсіз жол», «Жолда жүру ережелері», «Назар аудар, бала!» тақырыптарында сынып сағаттары, викториналар мен профилактикалық кездесулер ұйымдастырылады. Оқушылар «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық жедел-алдын алу іс-шараларына да белсенді қатысады.
Балалардың жеке қауіпсіздігі
Барлық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған бірыңғай жиналыстар өткізіліп, балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігі, терезеден құлаудың алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәселелері түсіндіріледі.
Ата-аналарға «Балалардың судағы қауіпсіздігі», «Балаларды терезеден құлап кетуден қорғау» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар оқу жылы бойы тоқсан сайын жүйелі түрде жалғасып, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше мән беріледі.
Мектептердегі қауіпсіздік жүйесі
Бүгінде облыстың барлық білім беру ұйымдары:
дабыл түймелерімен;
мамандандырылған күзет қызметімен;
кіруді бақылау және басқару (СКУД) жүйесімен 100% қамтылған.
Сонымен қатар Ұлытау облысының Цифрлық технологиялар басқармасы білім беру ұйымдарын Жедел басқару орталығына (ЖБО/ЦОУ) қосу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жаңарту жұмыстарын жүргізуде.
Жаңарту жұмыстары 2026 жылғы 25 тамыздан бастап басталып, екі ай ішінде жүзеге асырылады.
«Cyber Class» – цифрлық қауіпсіздікке бір қадам
Жаңа оқу жылы аясында Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында оқушылардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Cyber Class» профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шара барысында оқушыларға:
интернет кеңістігін қауіпсіз әрі жауапты пайдалану;
жеке деректерді қорғау;
күмәнді сілтемелер мен ақпараттардан сақтану;
кибербуллингтің алдын алу;
интернеттегі ақпаратты дұрыс бағалау;
цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндіріледі.
Сонымен қатар білім алушылардың цифрлық гигиена дағдыларын қалыптастыруға, интернеттегі ақпаратты дұрыс бағалауға және киберқауіптердің алдын алуға ерекше назар аударылады.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.
Сондықтан бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар білім алушылармен қатар ата-аналар мен педагогтерді де қамтиды.
Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіп-қатерлердің алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді.
«Қауіпсіз Интернет – сенің қорғаның!»
Қауіпсіз орта – жарқын болашақтың кепілі!
#ҰлытауОблысы #БалаҚауіпсіздігі #ҚауіпсізМектеп #ҚауіпсіздікСабақтары #CyberClass #ЦифрлықҚауіпсіздік #ҚауіпсізИнтернет