Ұлытау облысында ауыл тұрғындары үшін заманауи мәдени және шығармашылық ортаны қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «QH Мәдени даму алаңы» жобасы аясында Жаңаарқа және Қарсақбай кенттеріндегі мәдениет үйлері жаңғыртылуда.
Жоба аясында нысандар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, шығармашылық, өнер, коворкинг және демалысқа арналған жаңа кеңістіктер құрылады.
Жаңаарқа мәдениет үйінде 15 заманауи кеңістік жабдықталады. Мұнда хореография, театр, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер студиялары, керамика, ВИА, дыбыс жазу және медиа студиялары, коворкинг және басқа да шығармашылық алаңдар қарастырылған. Жоба құны – 215,3 млн теңге.
Қарсақбай мәдениет үйінде 9 кеңістік жаңғыртылады. Оның ішінде 270 орындық көрермендер залы, хореография залы, кітапхана, ұлттық қолөнер, вокал, домбыра және дыбыс жазу студиялары, коворкинг пен балалар алаңы бар. Жоба құны – 150,5 млн теңге.