«МИГРАНТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ, ЖЕЗҚАЗҒАН СТ. КПБ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АУМАҒЫНДА «МИГРАНТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Ұлытау облысының аумағында ағымдағы жылдың 7-30 қыркүйек аралығында көші-қон заңнамасын сақтау деңгейін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау, олардың елде болу тәртібінің заңдылығын тексеру, сондай-ақ көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында Ұлытау облысының полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын, уақытша тіркеу талаптарының сақталуын, ел аумағында болу мерзімін және қажетті құжаттарының болуын тексеруде.

Сонымен қатар, шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тарту, көші-қон заңнамасын бұзу және белгіленген тәртіпті сақтамау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылуда.

Полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстар барысында азаматтарға көші-қон заңнамасының талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының аумағында болу және жүріп-тұру тәртібін қатаң сақтау қажеттігі ескертілуде.

Көші-қон саласындағы заң талаптарының сақталуы – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері тиісті шараларды тұрақты түрде жүргізіп, анықталған құқық бұзушылықтардың жолын кесуде.

Құрметті азаматтар! Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тараптарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырамыз.

Заң талаптарын сақтау – ортақ міндет!

Жезқазған ст. КПБ бастығы 

полиция подполковнигі Қ.М. Ахметов

12:50
22

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020