Облыс әкімі Есет Байкен Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын қайта тексерді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 65%-ды құрайды.
Облыс әкімі мердігер компанияға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Келесі аптадан бастап нысан аумағын қоршау, сыртқы құрылыс жұмыстарын күшейту, ішкі әрлеу жұмыстарының қарқынын арттыру және іргелес аумақты абаттандыруды бастау жөнінде міндет жүктеді. Сондай-ақ нысандағы жұмысшылар санын көбейту тапсырылды.
Есет Байкен қаржыландыруға қатысты мәселе туындамайтынын атап өтіп, мердігерге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, белгіленген мерзімдер мен талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.