Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыс тек құқық қорғау органдарына ғана емес, ата-аналарға, білім беру ұйымдарына және қоғамға ортақ міндет.
Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз қалудың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше мән беріледі.
Білім беру ұйымдары тәуекел тобындағы балаларды дер кезінде анықтап, оларға педагогикалық және психологиялық қолдау көрсетуге тиіс. Ал ата-аналар баланың тәрбиесіне, бос уақытын өткізуіне және қауіпсіздігіне жауапты.
Сонымен қатар заңнамада кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне шектеулер белгіленген. Қылмыстық жауаптылық жалпы жағдайда 16 жастан, ал заңда көзделген бірқатар ауыр қылмыстар үшін 14 жастан басталады.
Жасөспірімдердің бос уақытын спортпен, шығармашылықпен және қоғамдық пайдалы істермен қамту да құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы.
«Заң мен Тәртіп» қағидаты – әр азаматтың заңды құрметтеуінен басталады. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және оларды жауапкершілікке тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет.