ЦИФРЛАНДЫРУ ЖЫЛЫ: КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР

8 қыркүйек күні Жаңаарқа ауданында цифрландыру жылы аясында киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың киберқауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу және жеке деректерді қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинар барысында интернет-алаяқтықтан сақтану, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ажырату, жеке мәліметтерді қорғау, сондай-ақ цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға киберқауіпсіздік талаптарын сақтау, интернеттегі алаяқтық әрекеттерге жол бермеу және цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет ету жөнінде ақпарат берілді.

Мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы тұруға және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

18:42
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020