Жезқазған қаласы аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Жезқазған қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабы, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №34 шешімінің негізінде Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімі болуға төмендегі кандидаттар тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:
р/н
Тегі, аты,
әкесінің аты
Туған
жылы
Атқаратын қызметі (кәсібі), жұмыс орны мен мекенжайы
1
Бекішев Абай Данаұлы
04.08.1992
«Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, басшы.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі, 5-6.
2
Дыбысова Дамели Меиржановна
08.01.1976
«Кеңгір селосы әкімінің аппараты» ММ, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Кеңгір селосы, Сатпаев көшесі, 42-2.
3
Молдагаирова Айгуль Алпыспаевна
12.08.1979
«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты»ММ, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Деев көшесі, 9а-13.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Жезқазған қаласы Кеңгір селосы сайлаушыларына 2026 жылдың 4 қазан күні Жезқазған қаласы Кеңгір селосы әкімінің сайлауы өтетінін еске салады.
Жезқазған қаласының аумақтық сайлау комиссиясы