ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Өрттің алдын алу – тек құтқарушылардың емес, әр азаматтың міндеті. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне, денсаулығына және мүлікке үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабына сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Сондықтан:
 электр желілері мен құрылғыларының жарамдылығын бақылаңыз;
 сіріңке мен отты қараусыз қалдырмаңыз;
 эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеңіз;
 өрт сөндіргіштердің қолжетімді әрі жарамды болуын қадағалаңыз;
 балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
 өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – заң талабы ғана емес, адам өмірін қорғаудың басты шарты.
Заңды сақтайық – қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!

#ЗАҢМЕНТӘРТІП #ӨРТҚАУІПСІЗДІГІ #ҚАУІПСІЗДІК

18:14
13

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020