«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында ашық есік күні өтті

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында Ұлытау облысында балалардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік қолдауға арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалында ұйымдастырылды.
Ашық есік күніне «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зина Ақылбекова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Құрмет Саттыбаев, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлытау облысы бойынша уәкіл Гүлмира Жаппасова, білім басқармасының, құқық қорғау органдарының өкілдері, партияның Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
Қабылдауға келген ата-аналардың дені балалардың денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.
Мәселен, Жезқазған қаласының тұрғыны Нұргүл Исаева ерекше білім беру қажеттіліктері бар баласына тұрақты түрде күндізгі уақытта баратын арнайы мекеменің облыста жоқ екенін айтып, осы мәселені шешуге ықпал етуді сұрады. Мәселеге қатысты басқарма басшылары түсініктеме беріп, жыл соңына дейін Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылатынын айтты.
Сондай-ақ облыстық балалар үйінің директоры Нұрхат Әукешов орталық қызметкерлерінің жалақысының төмендігін көтерді. Бұл мәселеге қатысты жауаптылар Денсаулық сақтау министрлігіне хат дайындап, мәселені жергілікті мәслихатта да көтеруге атсалысатын болды.

«Балаға қатысты мәселе – кезек күттірмеуі тиіс. Әр ата-ананың айтқан ұсынысы мен көтерген мәселесі назардан тыс қалмайды. Біздің мақсатымыз – ата-ананы тыңдап қана қоймай, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, нақты шешім қабылдауға ықпал ету. Баланың қауіпсіздігі, денсаулығы мен сапалы білім алуы – баршамызға ортақ жауапкершілік», — деді «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт.

13:28
14

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020