Жезқазғаннан жұлдызы жанған жалғыз жыршы

Бәрекелді!
Ия аты айтып тұрғандай
Сәтбаев қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында қазақ ауыз әдебиетінің эпостық жырлары мен қисса-дастандарын жатқа айтудан «Ерлік пен елдіктің мәңгілік шежіресі» атты жас жыршылардың аймақтық байқауы өтті.
Іс-шараны Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Байқауға 31 жас жыршы қатысып, батырлар жыры мен лиро-эпостық шығармаларды нақышына келтіре орындады.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар белгіленген көлемдегі жыр шумақтарын жатқа орындаса, екінші кезеңде жырларда кездесетін көне сөздер, ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихи ұғымдардың мағынасын ашып, қазылардың сұрақтарына жауап берді.
Аталмыш сайыста Жезқазғанның намысын қорғаған номері 1 ші жалпы білім беретін мектептің 3-ші “Ә” сынып оқушысы Асылым Ерлан жеңіске жетіп ( жетекшісі Қарлығаш Сәрсенбаева) Жезқазғаннын шыққан жалғыз жұлдыз атанды.
Қай кезеңде болмасын қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан оғланның өнері жүлделі 1 орынға лайықты деп танылды.
Ол сахнаға шығып жыр оқығанда көрермендер оның бала болса да өз шеберлігін дәлелдегеніне тәнті болды.
40 шумақтан тұратын Қобыланды батыр жырын бір мүдірмей жатқа айтқан жас өреннің алар асуы әлі алда екеніне сенімдіміз.

Жеңісің құтты болсын Асылым!

—
22:23
13

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020