​Құқығыңыз бұзылса, оны қалай қорғауға болады?

Күнделікті өмірде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты түрлі мәселелер туындауы мүмкін.

Мұндай жағдайда ең алдымен өз құқықтарыңызды заң аясында қорғаудың мүмкіндіктерін білу қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабына сәйкес, әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен қорғауға құқылы. Сонымен қатар әр адамның өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

Конституцияда Қазақстан Республикасында заңға сәйкес білікті заң көмегін алу құқығы да танылған.

Сондықтан құқықтық мәселе туындаған кезде заң талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіну мүмкіндігін пайдалануға болады.

Өз құқығыңды білу — құқықтық сауаттылықтың маңызды бөлігі.

—
18:07
6

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020