Форум аясында AI, цифрлық активтер, дата-орталықтар, білім беру, инвестиция және цифрлық денсаулық сақтау салаларында бірқатар келісімге қол қойылды.
Негізгі келісімдер:
* MultiBank Group Қазақстанға $30–40 млн инвестиция салуды және өңірлік кеңсе ашуды жоспарлап отыр.
* «Қазпошта» цифрлық активтер мен исламдық қаржыландыру бағыттарын дамытады.
* Бес университет «AI+X» моделі бойынша мамандар даярлау үшін консорциум құрды.
* «Қазақтелеком» және серіктестері жаңа дата-орталық салады және қазақ тіліндегі AI технологияларын дамытады.
* Alatau City Authority KASE, Huawei, Bybit, Binance Kazakhstan және Қазақстанның Даму банкімен ынтымақтастық орнатты.
* Қазақстан Грузия және Башқұртстанмен цифрландыру және инновациялар саласындағы әріптестікті кеңейтеді.