Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияға үлес қосқан технология саласының өкілдерін марапаттады.
AI & Digital Bridge Awards 2026 аясында egov.GPT – жылдың GovTech жобасы, GoPrep – EdTech жобасы, HealthTech – үздік стартап, Aventa AI – корпоративтік AI-трансформация жобасы атанды.
Higgsfield AI халықаралық серпіліс номинациясын жеңіп алса, MA7 Ventures жылдың венчурлік қоры атанды. Ал ōzen платформасы креативті индустриядағы жылдың үздік жобасы деп танылды.
baq_kz