Отбасы — адамның қалыптасуына, тәрбиесіне және қоғамдағы орнының айқындалуына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік институт.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында отбасы, неке, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені бекітілген.
Бұл норма мемлекеттің отбасы институтына деген көзқарасының маңызын көрсетеді.
Отбасының беріктігі тек материалдық жағдаймен өлшенбейді. Оның негізінде өзара құрмет, жауапкершілік, қамқорлық және қауіпсіз орта қалыптасуы қажет.
Әсіресе бала тәрбиесінде отбасының рөлі ерекше. Бала өзінің алғашқы тәрбиесін отбасынан алады. Оның мінезі, құндылықтары, адамдармен қарым-қатынасы және қоғамға деген көзқарасы көбіне отбасындағы ортаға байланысты қалыптасады.
Сондықтан ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі де маңызды орын алады.
Ата-ана баланың денсаулығына, тәрбиесіне, қауіпсіздігіне және білім алуына тиісті жағдай жасауға жауапты. Сонымен қатар баланың пікірін құрметтеу, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау да ата-аналық жауапкершіліктің маңызды бөлігі.
Мемлекет отбасы мен баланы қорғауға бағытталған құқықтық және әлеуметтік тетіктерді қалыптастырады. Алайда баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсуі ең алдымен отбасының күнделікті қарым-қатынасынан басталады.
Отбасыда зорлық-зомбылыққа, қорқытуға немесе баланың қадір-қасиетін төмендетуге жол берілмеуі тиіс.
Мықты отбасы — қауіпсіз балалық шақтың, ал қауіпсіз балалық шақ — мықты қоғамның негізі.