​МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

Биыл бүкілқазақстандық бірліктің бірегей үлгісін қалыптастырып,мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды жұмыстардың негізгі ұйтқысына айнала білген Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр.

Aссамблея беделінің артуына айтарлықтай үлес қосып жүрген азаматтар мысты шаһарда да жетерлік. Осы орайда Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы әкімнің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүргізу мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Алтынбеков пен Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова аймағымыздағы түрлі қоғамдық-мәдени іс-шаралардың басы-қасынан табылып,игі істердің ұйтқысы айналып жүрген бір топ белсенділерге «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

— Еліміздің дамуына өзіндік еңбегін сіңіріп,Жезқазған-Ұлытау аймағының мәртебесін асқақтатып жүрген мына сіздерді осынау мерекелік медальмен марапаттау бақыты маған бұйырғанына шексіз қуаныштымын. Сіздер тек ассамблея жұмысын ғана емес,қоғамдық келісім мен қазақстандық толеранттықтың жарқын үлгісін әлемге паш етуге өз үлестеріңізді қостыңыздар. Бүгінгідей пандемия уақытында да тоқтаусыз атқарып жатқан жұмыстарыңыз жетерлік. Сол үшін сіздердің баршаңызға зор алғысымды білдіремін,- деген Бекзат Қомарұлы ыстық ықыласы мен жүрекжарды тілегін ақтарды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған куәлік пен медальді иеленгендер қатарында Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген Сәуле Шәуенова,Светлана Жумкина, Тұрсынай Ибадатова,Вера Рон сынды азаматтар бар.

ҚХА Ассамблеясының мүшесі, республикаға танымал меценат Бекзат Алтынбеков осы күні сондай-ақ, жергілікті «Saryarqa», «Жезказганский вестник», «Подробности» газеттерінің ұжымына да ақшалай сыйақы тапсырды.

Аталған медальмен марапаттау рәсімі алда келе жатқан Конституция күні қарсаңында жалғасын таппақ.

19:28
423

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020