«Конституция туралы айтқанда біз көбіне азаматтардың құқықтарын атап өтеміз. Бірақ құқық пен жауапкершілік әрқашан қатар жүреді.
Жаңа Конституция бойынша әр адам Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Бұл қағидат күнделікті өмірде өте маңызды. Мысалы, интернеттегі қарым-қатынастан бастап қоғамдық тәртіпке, еңбек қатынастарына, отбасылық қарым-қатынасқа дейін әр адамның әрекеті басқа адамның құқығына әсер етуі мүмкін.
Ұлытау облысында жастардың құқықтық мәдениетіне ерекше көңіл бөлініп келеді. 2026 жылғы мамырда Жезқазған бизнес және көлік колледжінің студенттерімен «Жастар өміріндегі Конституцияның рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Ал маусым айында жастарға Конституцияның негізгі ережелері мен құқықтары түсіндірілді.
Бұл өте маңызды бағыт деп ойлаймын. Себебі құқықтық мәдениет балалық шақтан және жастық кезеңнен қалыптасады.
Ұлытау облысының халқы 217,7 мың адам. Бұл — бір қарағанда шағын көрсеткіш сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ осы адамдардың әрқайсысының құқығы, пікірі және жауапкершілігі бар.
Конституцияның мәні де осында: мемлекет үшін үлкен реформалар азаматтың күнделікті өміріндегі нақты құқықтық кепілдіктерге айналуы тиіс.
Менің түсінігімде, жаңа Конституцияның ең маңызды құндылықтарының бірі — азаматтың құқықтық санасын күшейту.
Құқығын білетін азамат — жауапкершілігін де түсінеді.
Ал жауапты азамат — тұрақты қоғамның негізі».