Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің отырысы өтті

 
Жиын барысында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және бизнес пен өңірдің ірі кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Өңірлік кеңестің төрағасын сайлау болды.
Өңірлік кеңестің бұрынғы төрағасы өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты жаңа төраға сайланды. Өңірлік кеңестің төрағасы болып «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары, «Kazakhmys Barlau» ЖШС бас директоры Ғалым Нуржанов сайланды.
Күн тәртібі аясында жергілікті бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы және ірі кәсіпорындарды қажетті тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етудегі жергілікті бизнестің үлесін арттыру мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша сатып алуларды жергіліктендіру бағытында одан әрі жұмыс жүргізу үшін ұсынылатын бизнес-жобалардың тізбесі бекітілді. Бұл бағыттағы жұмыс жергілікті кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырып, сатып алулардағы отандық тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Өңірлік кеңес мүшелеріне «Business Go» жобасы таныстырылды.
Отырыста сондай-ақ Өңірлік кеңестің жұмыс жоспары мен медиа-жоспары талқыланды.
Бұдан бөлек, Ұлытау облысының әкімімен алдағы кездесуге дайындық, сондай-ақ бизнес өкілдерінен өзекті мәселелер мен ұсыныстарды жинақтау мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті бизнестің ірі кәсіпорындармен өзара іс-қимылын дамыту және өңірдегі кәсіпкерлік қауымдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар міндеттер айқындалды. #Регсовет

—
11:06
12

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020