Ұлытау облысында кәсіпқой бокс федерациясының филиалына басшы тағайындалды

Бүгін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында федерация президенті Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің спорт саласын дамыту, кәсіби боксты кеңінен насихаттау және жас спортшыларды қолдау бағытындағы бірлескен жұмыстар талқыланды.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының Ұлытау облысы бойынша филиалының басшысы қызметіне Тарғын Абушахманды тағайындау туралы шешім қабылданды.
Федерацияның өңірлік филиалының жұмысы кәсіби боксты дамытуға, талантты жастарды анықтап, олардың спорттық шеберлігін арттыруға және Ұлытау облысының бокс саласындағы әлеуетін одан әрі күшейтуге бағытталмақ.

Рахымжан Ерденбеков өңірде кәсіби боксқа жаңа серпін беріп, жас спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

—
16:51
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020