«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Әлдібек Тәуекелов пен Нұргүл Талғатбекова «Ремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытудың алдағы бес жылға арналған негізгі бағыттары мен бастамалары туралы баяндады.
Сондай-ақ ұжым өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.