ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ақжол Құрмансейіт пен Нұргүл Талғатбекова Жезқазған қаласындағы М. Әуезов атындағы кітапхана ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өңірді дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты.
Ақжол Құрмансейіт өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген инфрақұрылымды дамыту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.
«Президент Жолдауында барлық өңірде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту міндеті қойылды. Бұл бағыттар біздің сайлауалды бағдарламамызда да қамтылған. Ұлытау облысында тұрғын үй, мектеп, спорт және денсаулық сақтау нысандарының құрылысын қолдау, жолдарды жөндеу мәселелеріне басымдық беріп отырмыз. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу мен жастарды жұмыспен қамту маңызды. Біздің міндетіміз – осы жоспарлардың жүзеге асуына атсалысу», — деді ол.
Партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, мал және өсімдік шаруашылығы салаларында 10 инвестициялық жобаның іске асырылуына жәрдемдесу, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 210 жеңілдетілген несие беруге қолдау көрсету жоспарланған.
Сонымен қатар цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласында ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығын дамыту, оқушыларға арналған TUMO орталығын ашу, IT-хабтар мен олардың аудандық деңгейдегі өкілдіктерінің жұмысын дамыту көзделген.
Денсаулық сақтау саласында 10 медициналық нысан салу, Сәтбаев қаласындағы аурухананы травматологиялық пункті бар қосымша ғимарат салу арқылы қайта құру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,6 жастан 75 жасқа дейін арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарына жыл сайын кемінде 10 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру және сапалы медициналық қызметпен қамту деңгейін 94,5 пайызға дейін жеткізу міндеттері белгіленген.
Партия сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттардың іске асып, халықтың жақсы тұрмысы үшін атсалысады.

Жалпы, Ұлытау облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аясында бүгінге дейін 657 іс-шара өтіп, 27000-астам адам қамтылды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
14:43
24

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020