​Кандидаттар «Есіктен есікке» акциясын өткізді

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Гүлнара Загирова және Диас Алтынбек Жезқазған қаласында «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акция барысында үміткерлер тұрғындардың үйлеріне барып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен өздерін таныстырды. Сонымен қатар арнайы дайындалған үгіт-насихат материалдарын таратып, тұрғындармен пікір алмасты.

29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі дейін өңірде 30 мыңға жуық үгіт-насихат материалы мен ақпараттық брошюра таратылды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
10:16
17

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020